Авторы
Алғы сөз
Қош келдіңіз - Үздік Білімпаз!
Жаңа қадамдарыңыз оңынан болсын!
Бағдарламалау білімдеріңіз шыңданып,
Биік белестерді бағындыру нәсіп етсін!
Әумин
Бұл бастаманың өмірге келуіне негізгі себеп — қаншама менен білім алған аяулы ұстаздар мен ізденімпаз жастардың басын бір платформаға жинап, тек курста алған білімдерімен шектелмей, оларды әрі қарай жетілдіру, жаңа тақырыптарды түсіндіру, қазақша пайдалы ресурстар мен контенттерді көбейту, осылайша қазағымның ілгері дамуына әсер ету!
Жалпы алғанда, енді қысқа мерзімді курстардың орнына, “Үздік GitHub” деп аталатын — жаңа үлгідегі, өзімнің бүкіл жобаларымды бір жерге жинап, оның ішінде өз курс сабақтарым (бағдарламалық негіздері, олимпиадаға дайындық, ҰБТ-ға дайындық), одан бөлек әлеуметтік (Үздіктер) және AI жобаларымда, тіпті анда-санда ой толғатып ой-жазбаларымда осында болып, әрдайым оңай қол жетімді бола алатын жеке авторлық жобама қош келдіңіздер!

Толық аты-жөнім — Ерғали Тұрарбекұлы Бердібаев.
Оңтүстік өңірінде, Шымкент қаласында туып өстім.
Білім іздеп Алматы қаласына келіп, Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде “Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығын үздік бітіріп, көп ұзамай Болашақ бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Ноттингем Университетінде IT магистірін де алдым.
Ал докторлық дәрежемді Кореяның Озық Технологиялар Институтында (KAIST) “Цифрлық қаржы” бағытындағы ғылыми жобамды қорғап, “IT саласының докторы” болып шықтым.
Қазір де осында, Кореялық IT компанияда “Жасанды интеллект (AI) инженері” болып жұмыс жасаймын.
Әрине, бұдан алдын түрлі салаларда қызмет етіп, біраз тәжірибе жинадым. Атап айтсам, веб/мобильдік қосымшалар жасаушы, деректер талдаушысы, Назарбаев Зияткерлік мектепте информатик-ұстазы да болдым. Тіпті, Астанада мемлекеттік қызметте — бір министрліктің IT эксперті болдым, ал басшылық қызмет ретінде Қазақстандағы танымал емдеу-сауықтыру кешеннің үлкен бір ІТ-бөлімін де басқарып үлгердім.
Әрине бұдан ой түйгенім, жаныма жақын ол — білім саласы екенін түсіндім. Ұстаздар мен оқушыларға, не жалпы қазақи жандарға арнап: IT, бағдарламалау, олимпиадалық есептерді талдау секілді бейне-сабақтарды жасап, оларды “Үздік Білім” YouTube арнасына жүктеп келемін.
Ал, жаңалықтар мен хабарландыруларды — инстаграм, телеграм, facebook желісінде бөлісіп те отырамын.
Осылай менен көмек, не жай ғана нұсқаулығым болсын деп, осы жолда аянбай еңбек жасап жатқан жайымыз бар.
Одан бөлек, анда-санда өз ой-жазбаларыммен де көпшілікпен бөлісіп отырамын.
Өмірлік ұстанымым:
Әр қазағым — жалғызым!
Өз білгендерімді қазағыммен бөлісу, қазақтың дамуына ат салысу!
PS. Мен 2021-жылдан бастап түрлі күрстар жасап, көпшілікпен тегін де, ақылы да бөлісіп келемін. Енді солардың бәрін бір жерге жинап, сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Қабыл алыңыздар, мұнда сол өткен курстарымның сілтемелері.