Сонымен алдыңғы жазбада уәделескенімдей, бүгінгі жазбам араласатын орта жайлы болмақ.

Әрине, “ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегені рас, себебі ол саған қаланған бір фундамент секілді, яғни ата-ана, отбасыдан алған тәрбие ол мәңгілік болады.

Дегенмен, 13-15 жастан бастап, жасөспірім араласатын ортасы қатты әсер ете бастайды. Немесе өзіне жақын ортаны іздей бастайды.

Егер мәселен, сенде футболға деген сәл де болса қызығушылығың бар болса, онда сенің достарың да сен секілді футболға қызығатындардан табылады. Немесе спортсмен болсаң, араласатын ортаң да спортсмендер болады.

Ал егер достары ертеңгі күнді ойламайтын жеңіл жүрісті болса, онда сенде солар секілді бола бастайсың. Не керісінше иманды ортада жүрсең, сен де иманды бола бастайсың. Бұл мен білетін ақиқат енді. Оған келісесіздер ме, жоқ па өз еркілеріңіз)))

Ал ата-ананың міндеті - сол ортаны табуына көмек беру, егер бала қабілетті болса, сол қабілетіне сай ортаға жіберу, не көрсету.

Әрине, ата-ананы да қатты сөгуге болмас, себебі сен жақсы адам болсын деп олар күндіз-түні жұмыста жүреді, тіпті кейде саған мүлдем уақыты да болмай, кейін сені қалай өзгергенін де байқамай қалып жатады. Бірақ, ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің! Себебі сен олардың ізімен жүрмегендіктен, сен біле бермейсің.

Ал енді, маған әсер еткен ортама келер болсам.

Айтып өткенімдей, менің өзгеруіме 11-сыныпта “ЕНТ дайындық” курсы қатты әсер етті. Менің әрине базалық навыктар да болмады деп айта алмаймын)))

ҰБТ-ны ең алғашқы тапсырушылар, ол біздер болдық. Оға дейін мектепте емтихан, кейін жазда комплексный тест болатын.

2003 жыл. Сол кездегі Білім министрі - Жақсыбек Күлекеев (әлі күнге дейін соның есімін біледі екенмін, сіздерде де солай ма?!) мектепте тапсыруға жаңа стандартқа қол қойды. Бәрі аң-таң. Бұрын соңды болмаған жайт.

Бәрі мектептен кейін дайындық курстар іздей бастады, ал бұрыннан комплекс тестке дайындап жүргендер уже опыты бар курстарға бірден көп оқушылар бара бастады.

Сол секілді мектептегі жақсы оқитын сыныптастарым бір курсты мақтап келді, ол деген жаңадан ашылған, бірақ алдын дайындап жүрген ұстаздар деп.

Ол кезде курс атауы да болмағаннан ұстаз есімдерімен аталып - Әсия апай (матем), Әбдірашид ағай (қазақ тілі), не орналасуына сәйкес - Крытый рынок, не жалға алынған ғимаратына сай - Қазақ-өзбек (ұзақ атауы Қазақ-өзбек үздіксіз білім беру институты ма, колледжі ма сондай еді) деп аталатын. (Қазіргі атауы “Зерде”, егер сонда дайындалғандар болса, менен сәлем!)

Әлі күнге дейін барған күнім есімде 13-қараша 2003 жыл, сабақтан кейін сонда бардым, ол жерде білім деңгейіңді тест анықтап, соған сәйкес топқа жіберетін.

Алдын тест бетін ашпағанбыз. Матемнен жақсы дегеннің өзінде онда 30-сұрақтан 4-еуі ғана дұрыс болып, мені 3-Б деген топқа жіберді.

Бірақ алдын естіп алғанмын, ең мықты топ, ол 1 деген, себебі онда Шымкент қаласының озаттары, алтын белгілері жиналған деп. Алған балымыз жетпей тұр оған, бірақ ана группаға қалай да болса өтуім керек деп тұрм.

Сөйтіп тағы тест тапсырып көрейінші деп едім, онда әр тарау соңында болатын матемнен есептер берді. Мен қатты намысқа тырысып, бүкілін шығаруға тырыстым. Ол есептер жауапсыз болды, яғни тест емес. 14-сұрақтың 13-еуін шығарып, берсем, сонда да 1-ші топқа жетпейсің деп, мені содан кейінгі күшті топ деп 2-А группаға жіберді. Шын айтсам, ол топта өте мықтылар екен))

Кемі 100-есепті әр сабақта үйге беретін, ал мен 150-есеп шығаруға тырысатынмын))

Сөйтіп жаңа жылдан кейін ең үздік 1-ші топты 2-ге бөліп, 1-А және 1-Б деген топ шығатын болды, яғни 2-А топтағыларды жоғарыға көтеріп, ал кейбір ілесе алмай жүргендерді 1-Б түсірді, не өз еркімен сәл төмендеу топқа келді.

Бірақ сіздер ойламаңыздар, олар нашар екен деп, 2-А мен 2-Б да оқып жатқандардан қызыл мен алтынды ақтағандар болды, оларда тек сәл матем слабылау болды, бірақ 5-алғандар.

Енді мен ойлап жүрмін, мен 1-Б көтеретін шығар деп, сөйтіп мені жаңа жылдан кейін, сені 1-А ға жібереміз деді. Менің қуанышымда шек жоқ. 3-Б деп білім деңгейімді көрсеткенде 1.5 айда ең үздік топқа секірдік)

Әрине ол аралыққа дейін жаңа таныстар, жаңа достар тауып та үлгердім. Бір сөзбен айтқанда ол курста шамамен 300-400 оқушы бір уақытта оқыды десем мен олардың жартысымен достасып, араласқан шығармын))

Енді, жаңа жылдан кейін, 1-ші күн, математика сабағы, 1-А тобы, жаңа тақырып, мәселе есептер, мұғалім есепті оқи бастады, артан уже дұрыс жауап келді. “Я в шоке!”)))

Сөйтсем ол нәрсе “привычный нәрсе” екен, мен ондай нәрсені басқа топта оқығанда көрмегенмін ғой. Сөйтсем, ол топта, біздер 3-сағатта 120 сұрақты бітіріп жатсақ, ол топтағылар сол уақытта сондай 2-тестті қарайды екен.

В общем, бәрі солай басталды.

Енді ол топтағы сол кездегі мақсатты қараңыздар, ол жерде жай грантқа түсу емес, уже сол түскен мамандығы бойынша Қазақстан бойынша 1-ші болып газетте тұру)))

Солай болды да, арамызда бір оқушымыз, газет емес Қазақстан бойынша бүкіл сұраққа дұрыс жауап берген жалғыз ғана бала болды, одан бөлек газетте 10-нан аса оқушы өз мамандығында газетті 1-ші болып топ бастағандар да шықты.

Универге түсіп те араласып жүрдік, кейінгі мақсаттар уже шетел көру, шетелде оқу болды. Бізге Алматыға барудың өзі арман болған да, қайдағы шетел деп жүрдік.

2-курста Болашақ деген тема кете бастады, сол курста бірге оқығандардың әңгімесі сол бағдарламамен шетелге түсу мақсатты қолға ала бастады. Сөйтіп, арамыздан болашакерлер шыға бастады, қайда түстің - Ұлыбритания, қайда оқитын болдың - АҚШ, қашан - Канадаға деп. Яғни өз гранттарын тастап, қайтадан жаңа елде, оқуға бел буғандар.

_Ол кезде мен де қатты қызығатынмын, мен де солар сияқты шетелге барсам екен деп.

Сондай мүмкіндіктің бірі АҚШ болды. Енді араласатындардың көбі сол “Work and Travel” деген программаны сөз қыла бастады. Енді осы мүмкіндікті жібермеймін деп, бағым ашылып 4-айдай АҚШ-та болдым.

Оқу бітіргеннен кейін, курс әңгімесі уже Болашақ магистратура деген болды. Сөйтіп қой менде қалмайын деп, болашаққа тапсырап, Ұлыбританиядағы Ноттингем Универінде оқуға бардық.

Мен әлі де болса, жай қатардан қалмайын деп қана жүрмін. Сөйтіп жүргенде мен алғашқысы болып Шетелде PhD деген теманы бастадым. Сөйтіп 5-жылдай Кореяда оқып келдік.

Ал осы секілді жайттар, араласатындар бір-біріне қатты әсер ете бастайды. Маған бір досым әсер етсе, мен басқа бір досыма әсер етуім мүмкін.

Мәселен маған әсер еткен бір досым жайлы айтар болсам. 2009 жыл. Астанадамын. АҚШ-тан келіп, госслужбада, бір министрлікте экспертпін. Жұмысы таусылмайтын текучка! Күнде ерте келіп, кеш қайтып жүрмін.

Сондай күндердің бірінде АҚШ-та оқып жүрген досым Астанаға қонаққа келді. Онымен біраз көріспегеннен, біраз әңгіме қозғап, сөйтіп, басың бар ғой, сен жүрсің болмашы айлықта, бүкіл министрліктің жұмысын істеп, не жеке өмірің жоқ, не астында баспанаң жоқ, күндіз түні жұмыста деп бетке шындықты басып айтты.

Әрине ойланып қарасам оның айтатыны да рас. Сөйтіп не керек ертесіне өз еркімнен сол алған мотивациямен өтініш білдіріп шығып кеттім. Ал енді не істеймін?! Қорқынышты. Не жинаған ақша қорым да жоқ. Істейтін ісім де жоқ))

Содан үйдегілерге де айтпай 3-айдай ағылшынға дайындалдым.

Жұмыстан шықтым деп тек, болашаққа түскенде ғана айтам деп шештім. Үйдегілерді уайымдатпас үшін. Себебі олар үшін сонау астанада балам министрлікте істейді деген абырой ғой))

Содан не керек, дайындығымның арқасы, күндіз-түнгі ойлаған арманымның арқасы, оқуға Болашақ стипендиаты атандық деп, сол үшін жұмыстан шықтым деп үйдегілерге хабар бердік!))

Дәл осы секілді мен екі досыма болашаққа түсуіне әсер еттіппін. Біреу Ұлыбританияны бітіріп келсе, екінші досым АҚШ-та стажировкада жүр)))

2023.01.29

PS. Қазіргі заманда орта тек оффлайн ғана болмайды, сол үшін онлайн қандай ортада жүргендеріңізді де байқаңыздар!