Егер Жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланатын болсаң, кез келген жерде жеңісті боласың!

Мына ой маған маза бермейді. Соны көпшілікпен бөлісуді жөн көрдім.

Кезінде атомдардың мүмкіндігін ашқанда орасан зор энергияны алуға болатын түсінгенде, әлемге атомдық электро-станциялар келе бастады, бірақ дәл сол принциппен атомдық (ядролық) қаруды да жасауға болатынын айтып өткен, тіпті кейін оны жасапта, қолданып та көрді.

Енді мұны неге алып келе жатырмын, мәселен Жасанды Интеллект күшімен дәл осы екі жағдайда қолдануға болады.

Мысалы, дрон мүмкіндігімен бір жерден екінші жерге жылдам тасымалдауға болады, және қазіргі ірі дрондардың барлығы UAV, яғни адам бақылауысыз автономды ұшып жеткізе алады. Бейбіт заманда өте пайдалы, әрі тиімді, әрі жылдам. Көптеген елдерде қазіргі кезде осы жүйені қолданып келеді. Енді, дәл осы әдіспен кез-келген жерге бомбаларды да тастауға болады.

2-ші мысал - компьютерлік көру моделі арқылы, яғни автономды дрондардағы камералардың мүмкіндігімен ұшып адамдарды, машиналарды көруге болады, тіпті қазір кейбір дрондарда қарапайым RGB камералардан бөлек, IR, Термовизрлар қолданылады, яғни тек күндіз ғана емес, түнде де бақылау жүргізе алады. Солар арқылы оңай анықтай алады. Ал егер жай ғана бір функция қолдансаң, анықталғанда арнайы көмек бер, немесе керісінше жоқ қыл деуге де болады.

3-ші мысал - құрастыру мүмкіндігі қытайда Xiaomi бір көлікті робот 76 секундта жасап шығарады екен, дәл сол принциппен ол танкыны да жасап шығара алады, не бронированный көліктерді, ішіне бір AI моделді қойып, ол жоғарғы екі мысал мүмкіндіктерін пайдалана алса, бітті дей бер) біреуі адам қарауынсыз бақылып, көлікті жүргізу, компьютерлік көру арқылы адам, не басқа көліктерді анықтап, өзіңе керектісін жасай алады.

Қарап отырсаңыз, жалпы жасайтын мүмкіндіктері бір, бірақ қолдануы түрліше.

Егер де, Құдай сақтасын, бірақ соғыс болған жағдайда жасанды интеллект мүмкіндігін пайдаланған жақ адам шығынсыз жеңіске жетеді. Бір қарасаң, өте қорқынышты. Ал екінші жағынан ғылым мен зерттеулердің арқасында көптеген жетістіктерді жетуге болады.

Міне, оған дәлелім мына видеом

PS. Видеода тек өз құралдарым қолдандым: дрон, компьютер, және ми)))

2024.04.10