Бүгінгі жазбада қазіргі таңда 5 жарым жылдай тұрып келе жатқан елім туралы болмақ.

Әрине Корея орналасуын, тарихын, экономикасын туралы айтпай-ақ қояйын, керек адам өзі тауып алар.

Осында өмір сүру барысында көзге түскен жайттардан бастайын:

1. Корея халқы - қонақжайлығы байқалады, көмектесуге әзір тұрады. Азаннан кешке дейін жұмысында. Жанұя құруға асықпайды. Және өз дене бітіміне қатты қарайды, толық адамды өте сирек көресіз.

2. Заң шетелдіктерге қарағанда Корейліктерді қолдайды. Яғни приоритетте әрдайым Корейлік тұрады.

3. Көліктері - барлығында тонировка (тіпті лобовой терезелері де), және көлік деген байлықтың көрінісі емес, яғни қарапайым халыққа су жаңа көліктер қолжетімді.

4. Қоғамдық көліктер (автобус, поезд) - әрдайым өз уақытында жүреді. Таңғы 5-6дан бастап, түнгі 22:00-23:00-ге дейін тоқтаусыз жүреді. Көпшілігі тегін wifi-мен жабдықталған.

5. Білім жүйесі (мектеп) таңғы 8-9:00-дан бастап, кешкі 17:00-ға дейін, ал жоғарғы сыныптарда 20:00-21:00-ға дейін созылады.

6. Біріңғай емтихан (бізше ҰБТ) кезде, тіпті аспанда ұшақтарды да ұшпайтындай жағдай жасайды, көшеде көліктер де азайып, дала тып-тыныш тұрады.

7. Универлерде негізінен кредиттік жүйесімен жүреді, яғни пайыздық жүйе және әркім өз сабағын таңдап, өз сабақ күнтізбесін жасай алады. Бірақ макс GPA баллы 4.0 емес, кей универде 4.33, не 4.5 болады. Группа деген нәрсе жоқ, тек поток, яғни оқуға түскен жыл бойынша.

8. Бағалау жүйесі. Көпшілік универде емтихан бағаларын жалпы пайыздық бөлікпен қойылады, яғни бір сабақта 100% отличниктер болуы мүмкін емес, мысалы тек 10-15% ғана үздік, 15-30% жақсы, 30-60% орта, қалғандары нашар деген баға алады деген сөз.

9. Білімі. Көпшілігінде бакалаврдан бөлек магистр мен докторлық дәрежелері бар. Соның арқасында зерттеу орталықтары мен институттар көп. Яғни ғылымда жүрген жастары көп.

10. Көшеде полиция қызметкерлерді, не жалпы формадағы кісілерді өте сирек байқайсыздар, кез-келген жерде CCTV камера арқылы мониторинг жасап отырады.

11. Жолдары таза, тегіс, кез келген жерде тратуар, велосипед жолы, автобус жолы және қоғамдық жолдармен бөлініп тұрады.

12. Көлік жол ережесі, егер бағдаршамда қызыл жанып, бірақ сіздің барар бағытыңыз оңға болса, және басқа көліктер, не жаяу жүргінші болмаса, оңға бұрыла беруге болады. Жолдағы “лежащий полицескийлер” 1-метрдей жайылған төбешік тәрізді, яғни көлікте келе жатып, байқамай қатты өткенде, көлікке не жүргізушіге қатты зақым тимейтіндей жасаған.

13. Жұмысы. Көпшілігі оффистік жұмыс жасайды. Ал поля да, сторойкада көбіне шеттен келген иммигранттар мен орта жастан асқандар жасайды. Салыстармалы түрде алғанда ауырлау, яғни олар әрбір сағатқа төлейтін болғандықтан, соған лайықты жұмысты талап етеді.

14. Жұмыс ақыларын жемейді. Адал. Көбіне еңбекақысын жейтіндер ортада жүрген делдалдар болады. Салыстармалы түрде ер адам айлығы 10-15% жоғары болады. Оған себеп жұмысы да ауыр болғандықтан.

15. Жаңа технологиялары. Көпшілік жерде жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды байқап отырасыздар. Робот-кофейнялар, тазалап жүрген робот-пылесостарды да байқауға болады. Жалпы көшелері жарық, себебі әрбір шам төбесінде, арнайы күндік (солнечный) панельдермен жабдықталған.

16. Үй жануарлары. Көбіне үй жануары күшіктер саналады. Ал мысықтардың орны дала. Кореядағы ит-күшіктерге арман жоқ. Бүкіл жабдықтары, тіпті жеке құжаттары да бар.

Әзірше осылар. Мүмкін кейін тағы есте болса, қосармын.

2023.07.27