Соңғы жазбамнан бері 6-ай өткенімді де байқамай да қалыппын. Зымырап жатқан уақыт-ай!

Одан бері, біршама жеке өмірлік те, жалпы басқа да жаңалық-өзгерістер өтті.

Елге барып келдім, ол жақта Түркістан облысы бойынша “Үздік IT ұстаз” турнирінің финалы өткіздік, СПФед жылды қорытындылап, жаңа жылға жаңа бастауларимен стратегияларын жасап шықтық, биылға Үздіктер 3.0 жобасына өзгерістер жасадық, Үздіктер 2.0 бойынша олимпиада жетістіктеріге де жеттік, одан бөлек жеке авторлық курстар жинағын құрып, жүргізудемін))

Ал, Кореялық өмірімде жаңа жұмысымды осы ақпаннан бастадым. Жалпы көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды. Оны алдағы уақытта толық-қанды жазып өтермін.

Ал бүгін жазбамда, Кореядағы бір жағдайға көзім түсіп қалып, сонымен бөліскім келді.

1-аптадан бері Кореяның дәрігерлері жұмыстарына бармай, бейбіт шеруге шығып жүр. Оған негізгі себеп - 2025 жылдан бастап Кореяда мед-персоналдар үшін квота (бізше айтқанда гранттар санын) 65% арттырады екен.

Оған қарсы ойын білдіруге көптеген кәзіргі студенттер/интерндер мен дәрігерлер қарсы болып, мед-жұмысына бармай, шеруде екен. Яғни 5-10 жылда конкуренция көбейіп, жұмыссыз қалып қоямыз деген қауіп бар депті.

Бірақ бір қызығы кәзір Кореяда (АҚШта да) 10К адам басына шаққанда 26 дәрігерден тиеді, ал біздің елде 39.8 дәрігерден болады екен.

Енді біздің елде осындай жағдай орын алса ше, мәселен барлық медиктер үшін гранттар саны артады десе, ешкім шеруге шықпақ түгіл, бүкіл бала-шағасын сол дәрігер мамандықтарын дәріптей бастайды ғой, мейлі ол бала да оған қабілет бар ма жоқ па қызықпайды да. Бастысы баласы грантта оқыса болды, ал ол кейін медик бола ма, болмай ма ол это второй вопрос))

Ал студенттер ше? Ондай жаңалық болса да болмаса да олар үшін бүгінгі күнмен өмір сүріп жатқаннан, бәрібір секілді көрінеді.

Бұл енді менің жеке пікірім, мұны оқыған медиктер болса, өз ойларын айта жазар.

Жалпы алғанда, сіздердің ойларыңыз қандай? Кәрістердің шеруі орынды ма? Біздің елде сондай квота көбейсе не болар еді?))

2024.02.26