Ей, қазақтың баласы, Тыңда мына айтқан сөзімді!

Мен бір қазақтың баласы!
Сонау Корей елінде,
6-жылдай жүргенде,
Еліме деген сағыныш,
Бар ынтамен талпынып,
Қазақтың білімін көтеру - 
Мақсаттаған мен бала,
Салдым күштің барлығын,
Күн-түн демей баршаға,
Аштым ютуб каналын,
Қойдым атын - “Үздік” деп,
Қойдым атын - “Білім” деп,
Шыға келді қазақи,
Тілге оңай жаттаңқы,
Еске салар бәріне,
“Үздік Білім” арнасы.

Ей, қазақтың баласы?!
Не болды сонша алыстап,
Қазақшадан дым жоқ деп -
Орысшаға алданып,
Қазақ тілін кемсітіп,
Құдайға шүкір, ақырын,
Ілгері жүрер шаңданып,
Бәрі тегін ашық тұр,
Уақыт тауып, ашып көр,
“Үздік Білім” арнасын!

Бердім білім ютубта,
Айтым сабақ питонда,
Оқығандар көрініп,
Басы алды алтыннан,
Олимпиаданың жүлдесін,
Аудан, Облыс, Респадан!

Сен де қалма, қосылғын,
Үздіктермен үздік боп,
Білім алып, ТОП болып,
Артыңдағы жастарға,
Үйретейік біз оларға…
Бірақ заман тез дамуда,
Кешегі жаңалық қалуда,
Ал біз питон деп жүргенде,
Әлемге AI келді жанданып…

2024.07.04