Бүгінгі жазбам - 2-ші жыл жүріп жатқан “Үздіктер” жобасы жайлы болмақ.

1. Үздіктер деген қайдан шықты? Негізі ол атау ютуб каналдың атынан келіп шықты, яғни “Үздік Білім” деп аталатын ютуб каналда біршама оқушы-ұстаздар білім алып жатты, солардың басын қосатын арнайы әлеуметтік жоба еді.

Екінші жағынан атына заты сай жеке тұлғаларды көптеп шығару. “Үздік” дегеннің өзі - ең жақсысы, ең мықтысы ғой (Best of the Best)

2. Жоба қалай басталды? Негізгі мақсат - оқушыларға информатиканы қызықтырып, сол арқылы олимпиадаға дайындау еді.

Ең алғашқысы (Үздіктер 1.0) 2022 жыл мамырдан басталған еді. Ол кезде тіркелгендер саны 75-тен аса түрлі өңірлерден жиналған 6-11 сынып оқушылары болды.

3. Үздіктер 1.0 нәтижесі Әрине ол кезде соңына дейін жеткен 5-7 оқушы ғана болды, яғни соңына дейін бүкіл тіркелгендердің 10% ғана жетеді. Бірақ дәл сол қалғандардың барлығы да өз аудан-қаласынан 1-ші орынмен облыстық деңгейге жолдама алып, кейін барлығы да облыстық олимпиададан жүлделі орындар болды.

Тіпті, 1 оқушы Түркістан облысы бойынша абсолютті 1-орынмен республикалық кезеңге өтті. Айта кететін жайт ол 9-сынып оқушысы Түлкібастағы қарапайым ауылдың баласы.

4. Үздіктер жобасының қадамдары

  • Алдымен тіркелу кезеңі болады, ол көбіне 1-1.5 айдай болады, және басталу уақыты ақпан-наурызда. Тіркелу қарапайым гугл-форманы толтыру арқылы жүреді.

  • Одан кейін іріктелу/отборный кезеңі болады. Ол 3-4 айға созылады. Яғни әр апта сайын 2-сабақтан ашылып, сол сабақтарды көріп, асмп сайты бойынша арнайы курс есептерін шығару керек. Әр апта сайын келесі аптаға өту үшін минималды есептер саны болады, яғни апта сайын кемі 10-есеп қосып отыру керек. Кім шығармайды, бірден жобадан іріктеліп, шығып қалады. Дегенмен сол минималды есеп санын толықтырса, қайта қосылуға да мүмкіндігі бар.

  • Сұқпаттасу кезеңі, яғни іріктелуден толықтай өту үшін асмп курсы бойынша кемі 150 есеп шығару керек! Сол есептерді шығарғандармен жеке-жеке сұқпаттасу болады. Яғни кемі 3-4 есеп беріліп, соны бірден шығару керек болады. Егерде дұрыс шығара алмай қалғанда, интервью өтуге тағы бір мүмкіндігі болады.

  • Ең соңында негізгі кезең. Яғни 150-есепті шығарған, сұқпаттасудан өткен қатысушылар өтеді. Негізгі кезеңде түрлі-түрлі контесттер қатысып, талқылаулер өтіп отырады. Жалпы ең қызық кезең деп ойлаймын. Себебі негізгі кезең емін еркін сезіне алатын кезең, іріктеу кезеңде апта сайын есеп шығармаса, шығып қалам-ау деген үреймен жүреді ғой.

  • биылдан бастап Үздіктер жобасында соңына дейін жеткендер үшін сертификатты табыстауды жоспарлаудамыз. Себебі ол жерде қаншама уақыт пен еңбек барын ескеріп, арнайы сертификат беруді жөн көрдік. Дегенмен оны алу үшін де соңғы қорытынды емтихан ретінде контест болады. Яғни негізгі емтихан нәтижесіне қарап, беріледі. Яғни 50% асқандар үшін ғана табыстаймыз.

5. Қазіргі таңда “Үздіктер 2.0” жобасы жүруде _Бұл жобада енді тек оқушылар ғана емес ұстаздарды да қатыстыруды жөн көрдік. Бүкіл қадамдар оқушылармен бірдей. Оларды “Үздік ұстаздар” деп қана бөлдік. Үздіктер 2.0 жобасына 1000-нан аса қатысушы ниет етіп тіркеліп, оның бұл күнде 50-ден аса қатысушылар 150-есепті шығарып қойды.

6. Қатысуда берер пайдасы не? Алдымен жаңа қауымдастыққа тап болу, кейін өзін дициплинаға үйрету, бұл ойлау қабілетіне әсер етпей қоймайды. Себебі олим. есептер ол жай ғана есеп емес, кез келген проблемаларды жан жақты қарастырып, дұрыс алгоритммен жүру, оптимальды шешімді іздеу.

Тіпті жобадан іріктеліп шығып қалғанның өзінеді, біраз пайдасы болары анық.

7. Бізге берер пайдасы не? Бұл жоба да екі жетекшісі бар, бірі мен болсам, екіншісі Едіге Радолда.

Бізге берер пайдасы?! 🤔

  • Еліме көмек беріп, жас дарынды балалардың көзін ашу, білімді азаматтарды көптеп шығару. Қазақ тілді контенттерді көбейту. Жалпы қазақтың менмін деген біртуар IT азаматтарды алып келу))

8. Үздіктерге қояр талап бар ма? Адал болу, өзін де, өзгені де алдамау! Өзіне деген сенімін жоғалтпау, әрдайым өзін жетілдіру. Тағы бір талап, кейін өз шәкірттерін шығару. Кемі 3 шәкіртін шығарса, сол бізге берген - рахметі деп білеміз!

Міне солай))) 08.06.2023